Хип-хоп көшіне қосылған Коуки Сатан!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық рэп орындаушылары арасында жаңа есім. Қазақстандағы хип-хопқа құмар қыз-жігіттердің қатарын толықтырған талант – рэпер Баллердің шәкірті болып шықты. Шоу-бизнес өкілдерінің көз алдында тұсауы кесілген жас өрен, тыңдарманды бірден тәнті қылудың тың тәсілін тауыпты.

Коуки Сатан – таяуда қазақ рэперлерінің тізіміне енген тың жоба. 19 жастағы жігіт 8 тректен тұратын мини-альбомын жарыққа шығарды. Шоу-бизнеске дүмпу әкелуді көздеген орындаушыдан, өнердегі ағалары үлкен үміт күтіп отыр.

Baller, рэпер:

-Жаңа рэпте, жаңа форматта мамбл-рэп (mumble rap) деген бар. Қазақша рэпте өзінің орнын табады деген ойдамын. Қазақша тілмен айтқан кезде, ұйқыдан тұра сап айтқан рэп сияқты ғой қысқасы.

Cocky Satan, рэпер:

-Негізі Баллердің тректерімен өскенмін. Сол братан болып араласамыз!

Бірақ, бұл жігіттердің есімдері өмірде басқаша. Мәселен, Баллердің құжаттағы аты – Шыңғысхан, ал Коукидікі – Дарын. Рэперлердің шоу-бизнеске лақап атпен шығудағы мақсаттары сан түрлі.

Baller, рэпер:

-Баллер деген – заңсыз жолда ақша тауып, байып кету.

Ал, Коуки негізгі аты-жөні Дарын.

Cocky Satan, рэпер:

- Бұл дегеніміз – «самоуверенный, нахальный, өз-өзіне сенімді, просто красавчик!» Псевдоним ол бір жағынан көз тимес үшін.

Рэп орындаушыларының сахнадағы көзқарасын, хип-хоп тыңдармандары жақсы түсінетін тәрізді.

Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының экс-әншісі:

-Көбінесе Америкадан келе жатқан нәрсе. Кезінде 50 CENT сияқты рэперлер... Негізі өмірде басқа адам да. Басқа адам болуы мүмкін. Олардың лақап аты болғаннан кейін, өзінің ішіндегі ойларын басқа атпен айту үшін, лақап ат алатын сияқты.